Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14613 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.08.2017 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.09.2017 жылы тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Қаржы министрінің 29.08.2017 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.03.2022 жылғы № 246 Бұйрығына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.08.2017 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.09.2017 жылы тіркелді
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
 _____________ Н. Айдапкелов
 2016 жылғы « ____» ____________
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.08.2017 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.09.2017 жылы тіркелді
1. Осы Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалармен (бұдан әрі – Қағидалар) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджеттік есептілігінің көлемі, нысандары, оларды жасау және ұсыну кезеңділігі, мерзімі, тәртібі белгіленеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.08.2017 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.09.2017 жылы тіркелді
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша есептер жасайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.08.2017 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.09.2017 жылы тіркелді
3. Есептердің нысандары оларда көзделген көрсеткіштерге нақты сәйкестендіріліп толтырылады. Бекітілген есеп нысандарында көрсеткіштерді және олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді.
Ағымдағы есепті кезеңге, сонымен бірге өткен кезеңге жататын (оларды бекіткеннен кейін) есептілік деректерінің өзгеруі деректердің алшақтығы анықталған кезеңде жасалған бюджеттік есептілікте жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi