Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 127 қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысы.
2.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 және 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1078 қаулысы.
3.«Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысы.
4. «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 583 қаулысы.
5.«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 745 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Полная версия

