Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.03.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 және 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1078 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 17 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 335-құжат):
кіріспедегі «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесінде:
1-тармақта «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.06.2015 жылғы № 408 Қаулысымен (19.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2015 жылы № 113 (28591)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы 2010 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi