БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26968 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Есепке алудың құжаттары»;
«7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысанын ұсынады.»;
«3-тарау. Бюджеттің атқарылуын есепке алу тіркелімдері»;
«осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), Жәбірленушілерге өтемақы қорының, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттердің (бұдан әрі – ӘМСҚ трансферттері), Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттары, мемлекеттік сатып алу шоттарын, соманы анықтауға дейінгі шотты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотын есепке алуға арналған);»;
«Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ, сыртқы қарыздар шотындағы, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ, Еуразиялық экономикалық одақтың шотындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, шетел валютасының шоттарындағы, соманы анықтауға дейінгі шоттардағы, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы, есеп айырысулардағы ақша бойынша, жергілікті бюджет жетіспеушіліктері бойынша (бұдан әрі – ЖБ), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы қалдықтарын көрсетеді.
Жергілікті бюджеттерін атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттердің ҚБШ, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың тиісті ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы, мемлекеттік сатыпалу шоттарындағы ақшаның қалдықтарын көрсетеді.»;
«4-тарау. Бастапқы құжаттарды, есептік тіркелімдерді және бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді сақтау»;
Полная версия

