Близость слов: Окончание:





Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28716 болып тіркелді
Редакция 31.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 221-бабының 2-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 4 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-63
Бұйрыққа 1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Полная версия
ИС BestProfi