Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1- к бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.11.2023 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (13.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 03.11.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 864-к бұйрығы жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1- к
 бұйрығымен
бекітілді
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында, оның ішінде оның құзыретіне қатысты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.11.2023 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (13.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi