Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.09.2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 864-к бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.09.2022 жылғы № 1- к Бұйрығына сәйкес  
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111-қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-12-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің ережелері;
2) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
4) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
5) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Персоналды басқару және дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  міндетін атқарушы  Ш. Каринова
Қазақстан Республикасы 
 Білім және ғылым министрінің 
 міндетін атқарушысының 
 2021 жылғы "17" тамыздағы 
 № 864-к бұйрығына 
 17-қосымша
   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылуға жататын бұйрықтарының тізбесі
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығы;
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 169-к бұйрығы;
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 891-к бұйрығы;
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 910-к бұйрығы;
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 991-к бұйрығы;
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1002-к бұйрығы.
Полная версия
ИС BestProfi