Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 246 бұйрығы
Редакция 27.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығында:
осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
«84) паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін, мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесінің бағдарламаларын бекіту, даярлау кезеңдерінің мазмұны;»;
«86) мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;
87) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар арасындағы құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадалық ойындарға даярлауын және олардың қатысуын ұйымдастыру;»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 жылғы № 385-НҚ Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Е. Еркінбаев
Полная версия
ИС BestProfi