Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.08.2023
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1139 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.07.2023 жылғы № 620 Қаулысына сәйкес 
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-1) тармақшасына және 4-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік орган – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) өнім беруші – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасқан үкіметтік емес ұйым;
3) стратегиялық әріптес – осы Қағидаларға сәйкес конкурстық іріктеуден өткен, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты жасалған үкіметтік емес ұйым;
4) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс – орталық атқарушы органдар жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;
5) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шарты – тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт;
6) тапсырыс беруші – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;
7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау тәртібі
3. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағытын айқындау үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең – мемлекеттік органдардың уәкілетті органға ұсыныстар енгізуі.
Полная версия
ИС BestProfi