Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 наурызда № 32053 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:
8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шотын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттердің (бұдан әрі – ӘМСҚ трансферттері), Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттары, мемлекеттік сатып алу шоттарын, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотын, соманы анықтауға дейінгі шотты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотын есепке алуға арналған);»;
10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ, сыртқы қарыздар шотындағы, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шоттарындағы, ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ, Еуразиялық экономикалық одақтың шотындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотындағы, шетел валютасының шоттарындағы, соманы анықтауға дейінгі шоттардағы, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы, есеп айырысулардағы ақша бойынша, жергілікті бюджет жетіспеушіліктері бойынша (бұдан әрі – ЖБ), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы қалдықтарын көрсетеді.
Жергілікті бюджеттерін атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттердің ҚБШ, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың тиісті ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шоттарындағы ақшаның қалдықтарын көрсетеді.»;
«25. 3 «Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар» шотында ұлттық валютадағы республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ) және жергілікті бюджеттер ҚБШ, сыртқы қарыздар бойынша шоттарда, ақылы қызметтердің қайырымдылық көмек, ақшаларды уақытша орналастыру, Ұлттық қор, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шоттарында, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ, анықтағанға дейінгі сомалар шотында, Еуразиялық экономикалық одақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарында, мемлекеттік сатып алу шоттарында, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотында, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотында, сондай-ақ Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге) жергілікті бюджеттердің тартылған ақшалары есепке алынады.
3-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
303 «Еуразиялық экономикалық одақтың шоты»;
304 «РБ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты»;
305 «ЖБ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты»;
307 «Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ»;
Полная версия
ИС BestProfi