Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2022 жылғы 16 шiлдедегi № 286-қа бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 893 Жарлығының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 19-тармағының 10) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Е. Алдажұманов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының орынбасары –
Шекара қызметі директорының
2022 жылғы «16» шілдедегі
№ 286-қа бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) әскери басқарудың тактикалық органы және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі – Шекара қызметі) тікелей бағынысты материалдық-техникалық жабдықтауды жүзеге асыратын басқарма болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi