Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 893 Жарлығы
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 893 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің Авиациялық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 893 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Полная версия
ИС BestProfi