Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 661-қа бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 19-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 1068 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Нұр-Сұлтан» шекаралық бақылау басқармасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 251-қа бұйрығы күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Е. Алдажұманов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының орынбасары –
Шекара қызметі директорының
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 661-қа бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Астана» шекаралық бақылау басқармасы туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма), өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауда басшылық ететін (бұдан әрі – өткізу пункттері), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери басқарудың жедел-тактикалық органы және территориалды бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ тіліндегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi