1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 27.09.2023
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 12 мамырдағы № 126 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 жылғы № 385-НҚ Бұйрығына сәйкес
БҰЙРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
«1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және кинематография салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.»;
«3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»;
«7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.»;
«12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
13. Міндеттері:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.»;
Полная версия