Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 265 Жарлығы
1. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті      Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 маусымдағы
№265 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары
1. Осы Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарын айқындайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедектігі бар адам, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы (ата-аналары) не Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген жастағы зейнеткер ата-анасы (ата-аналары) бар мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротацияға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.
Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
3. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.
4. Мемлекеттік қызметшінің ротациясын мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) жүзеге асырады.
5. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, мемлекеттік қызметшіні басқа мемлекеттік лауазымға ротациялаған, лауазымын төмендеткен немесе қызметтен шығарған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін ғана оны ротациясы жүзеге асырылған алдыңғы лауазымға, сондай-ақ ротациядан бас тартуына байланысты лауазымы төмендетілген немесе қызметтен шығарылған лауазымға тағайындауға жол беріледі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі мемлекеттік саяси қызметшіге және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қатысты тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы бойынша қабылдануы мүмкін.
6. Басқа елді мекенге ротация кезінде мемлекеттік қызметшіге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғынжай беріледі.
Қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік саяси қызметшілерге және «А» корпусының қызметшілеріне, «Б» корпусының С-1, С-О-1 және D-О-1 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) ротациялық төлемдер белгіленеді.
Ротация мерзімі басталған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне үш және одан да аз жыл қалған мемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде уәкілетті адамның осы қызметшіні ротациядан босату туралы актісі қабылданады.
7. Ротация мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
3) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін және басқару тәжірибесін тиімді түрде пайдалану;
4) мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру.
8. Ротация мынадай схемалардың біреуі бойынша жүргізіледі:
1) деңгейаралық («орталық – өңір», «өңір – орталық»);
3) сектораралық («орталық – орталық»);
2-тарау. Мемлекеттік саяси қызметшілерге және «А» корпусының қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік саяси қызметшілер мен «А» корпусы қызметшілерінің ротациясы:
1) мемлекеттік саяси қызметшілерді (Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өкілеттік мерзімі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында айқындалған мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) бос немесе уақытша бос мемлекеттік саяси лауазымдарға;
2) «А» корпусының қызметшілерін «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына;
3) мемлекеттік саяси қызметшілер (Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өкілеттік мерзімі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында айқындалған мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) мен «А» корпусының қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік саяси қызметшілер мен «А» корпусы қызметшілерінің ротациясы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі уәкілетті адамға (органға) не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне:
1) осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген ротация мерзімдері басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, осы мемлекеттік органның ротацияға жататын мемлекеттік саяси қызметшілерінің және (немесе) «А» корпусы қызметшілерінің тізімін;
2) өзге мемлекеттік органдардың ротация мерзімдері басталғанға дейін үш айдан аз уақыт қалған мемлекеттік саяси қызметшілерінің және (немесе) «А» корпусы қызметшілерінің тізімін енгізеді. Бұл тізімді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне жазбаша сұрау салу бойынша береді.
11. Мемлекеттік қызметшінің ротациясы жоспарланған мемлекеттік органның бірінші басшысы не мемлекеттік қызметшінің ротациясы жоспарланған тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшінің ротация мерзімі басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін немесе осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген «А» корпусы қызметшісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік саяси қызметшінің немесе «А» корпусы қызметшісінің ротациясы туралы ұсыныс енгізеді.
Егер мемлекеттік саяси лауазымға немесе «А» корпусының лауазымына ротация тәртібімен басқа мемлекеттік органнан мемлекеттік саяси қызметшіні немесе «А» корпусының қызметшісін тағайындау жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік қызметшіні тағайындау туралы ұсыныста ротацияны мемлекеттік қызметшінің ағымдағы жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысымен келіскені туралы ақпарат көрсетіледі.
1) мемлекеттік саяси қызметшілерді тағайындау – осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген мемлекеттік саяси қызметшінің ротация мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) «А» корпусының қызметшілерін тағайындау – «А» корпусы қызметшісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік саяси қызметшінің немесе «А» корпусы қызметшісінің ротациясы не өкілеттігін тоқтату туралы шешім болмаған жағдайда, олар тиісті шешім қабылданғанға дейін атқаратын лауазымдарында жұмысын жалғастыра береді.
14. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ротациясы оны соңғы атқаратын лауазымына тағайындаған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылым өзгергеннен не лауазымдар қайта аталғаннан кейін мемлекеттік саяси қызметшілер бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта жаңартылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне мемлекеттік саяси қызметшінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.
Уәкілетті адамның (органның) шешімі бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Осы мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
15. «А» корпусы қызметшілерінің ротациясы олар «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнаулы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жүргізіледі.
16. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Президентінің актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, «А» корпусы қызметшісінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне «А» корпусы қызметшісінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.
Уәкілетті адамның (органның) шешімі бойынша «А» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Осы «А» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте «А» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
3-тарау. «Б» корпусының қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібі
17. «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы:
1) «Б» корпусының С-1, С-О-1 санаттарына жататын қызметшілерін мемлекеттік органның ішінде, оның ведомстволарын, осы мемлекеттік органның және оның ведомстволарының аумақтық органдарын қоса алғанда, С-1, С-О-1 санаттарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға;
2) мемлекеттік органның ішінде, оның ведомстволарын, осы мемлекеттік органның және оның ведомстволарының аумақтық органдарын қоса алғанда, «Б» корпусының С-1, С-О-1 санаттарына жататын қызметшілері арасында;
3) «Б» корпусының D-O-1 санатына жататын қызметшілерін тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында D-O-1 санатындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға;
4) тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында «Б» корпусының D-O-1 санатына жататын қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы ол соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылым өзгергеннен не лауазымдар қайта аталғаннан кейін «Б» корпусының қызметшілері бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін, бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта жаңартылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне «Б» корпусы қызметшісінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.
«Б» корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда, оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен тағы екі жылға ұзартылуы мүмкін не «Б» корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылуы не ол келіскен жағдайда лауазымы төмендетілуі мүмкін. Осы «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілместен жүзеге асырылады.
19. Персоналды басқару қызметі немесе персоналды басқарудың бірыңғай кадр қызметі ротация мерзімі басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей ротацияға жататын «Б» корпусы қызметшілерінің тізімін қалыптастырады және оны уәкілетті адамның қарауына енгізеді.
20. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы уәкілетті адамның актісімен жүргізіледі.
«Б» корпусының D-O-1 санатындағы қызметшілерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінен тыс жерлерге ротациясы кезінде «Б» корпусы қызметшісінің ротациясы жеріндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ротация туралы актіні қабылдайды.
«Б» корпусының қызметшісі белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген, осы Қағидалардың талаптары сақталмаған жағдайда, сондай-ақ ротацияға жататын «Б» корпусының қызметшісі соңғы жыл ішінде ротация ұсынылған жердегі мемлекеттік органның басшысы болып табылатын адамның тікелей басшылығымен жұмыс істеген жағдайда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келісуден бас тартады.
21. Кемінде соңғы төрт жыл бойы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік лауазымдарды атқаратын (осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда), оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін «Б» корпусы қызметшілерінің арасында осы «Б» корпусы қызметшілерінің және уәкілетті адамдардың өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері ескеріледі.
22. Ротация шеңберінде «Б» корпусының қызметшілерін тағайындау осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген «Б» корпусы қызметшілерінің ротация мерзімі басталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте уәкілетті адам «Б» корпусының қызметшісін алдағы ротация туралы күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді. Осы мерзім өткеннен кейін уәкілетті адамның ротацияға жататын «Б» корпусының қызметшісін лауазымға тағайындау туралы тиісті актісі шығарылады.
Егер «Б» корпусының қызметшісі ротация тәртібімен үміттеніп отырған лауазым ротация жүргізу кезінде бос болмаса, онда «Б» корпусының қызметшісі көрсетілген лауазым босағанға дейін атқарып отырған лауазымында жұмысын жалғастыра береді.
Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдеріне,
ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің
санаттары мен лауазымдарына
ҚОСЫМША
Мемлекеттік қызметшілердің өзара келісімі бойынша олардың арасында ротация жүргізуге жол берілетін «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарының тізбесі  

Санат

Лауазым

В санаттарының тобы

В-2

Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары

В-3

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігiнің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басқарма (қызмет) басшысы

В-4

Сектор меңгерушісі

С санаттарының тобы

С-2

Департамент директорының орынбасары

С-3

Басқарма басшысы

Басқарма басшысының орынбасары

Консул – консулдықтың басшысы

С-О-2

Басшының орынбасары

Кеден басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі

С-О-3

Басқарма басшысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органының басқарма басшысы

Кеден бекетінің басшысы

Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы

С-О-4

Бөлім басшысы

Кеден бекеті басшысының орынбасары

C-R-1

Аудандық аумақтық басқарманың басшысы

Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісінің басшысы

C-R-2

Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары

Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары

C-R-3

Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы

D санаттарының тобы

D-1

Мәслихат аппаратының басшысы

D-2

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппарат басшысы

Әкім аппараты басшысының орынбасары

Мәслихат аппараты басшысының орынбасары

D-3

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

D-O-2

Басшының орынбасары

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

D-O-3

Бөлім басшысы

D-R-1

Бөлім басшысы

D-R-2

Бөлім басшысының орынбасары

D-R-3

Сектор меңгерушісі

Е санаттарының тобы

Е-1

Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары

Е-2

Аппарат басшысы

Е-3

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

E-R-1

Бөлім басшысы

E-R-2

Бөлім басшысының орынбасары

E-R-3

Сектор меңгерушісі

E-G-1

Әкімнің орынбасары

E-G-2

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Полная версия
ИС BestProfi