Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы.
Редакция 21.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (22.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 16.08.2017 жылғы № 532 Жарлығымен (05.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2) Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі;
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 16.08.2017 жылғы № 532 Жарлығымен (05.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4) Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.11.2020 жылғы № 447 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
6) «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары бекітілсін.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.11.2020 жылғы № 447 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (16.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152
Жарлығына ҚОСЫМША
 Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының 
 ТІЗБЕСІ 
1. «Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., №58, 559-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., №58, 561-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., №58, 562-құжат).
4. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №1, 1-құжат).
5. «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №15, 141-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №19, 200-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 мамырдағы № 401 Жарлығы.
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 қазандағы № 459 Жарлығы.
9. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 мамырдағы № 605 Жарлығының 1-тармағының 1), 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №18, 222-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 2019 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 13 қарашадағы № 720 Жарлығының 1-тармағының 3), 5) тармақшалары.
11. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 маусымдағы № 895 Жарлығының 1-тармағының 2), 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №18, 196-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі №951 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №32, 339-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк қызмет мәселелерi  жөнiндегi кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі  № 1071 Жарлығының  1-тармағының  2), 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №15, 149-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1094 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №20, 201-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 наурыздағы № 1322 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №14, 172-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1362 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №21, 265-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 1415 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
18. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 1435 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №33, 439-құжат).
19. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №37, 483-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 наурыздағы № 1528 Жарлығы.
21. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығының 3-тармағының 3), 4), 5) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №27, 329-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығының 2-тармағының 2) тармақшасы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №29, 362-құжат).
23. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 1614 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №30, 380-құжат).
24. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 131 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №23, 229-құжат).
25. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №43, 499-құжат).
26. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығының 5-тармағының 1), 2) 3), 4) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №49, 599-құжат).
27. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1157 Жарлығының 1-тармағының 1), 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №19, 229-құжат).
28. «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығының 6-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №37, 438-құжат).
29. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж.,  №80,  1178-құжат).
30. «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 320-құжат).
31. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 526 Жарлығының 1-тармағы 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №20, 331-құжат).
32. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 527 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,№21, 339-құжат).
33. «Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі №372 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 601 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №40, 574-құжат).
34. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 616 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №45, 658-құжат).
35.  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1457 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 623 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №50, 689-құжат).
36. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №68, 905-құжат).
37. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 721 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №1, 1-құжат).
38. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №32, 279-құжат).
39. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4, 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №54, 532-құжат).
40. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 94 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Полная версия
ИС BestProfi