1. Осы Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарын айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы №456 Жарлығымен (13.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.11.2020 жылғы № 447 Жарлығына сәйкес (05.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (13.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 19.07.2021 жылғы № 623 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 03.09.2021 жылғы № 651 Жарлығына сәйкес (19.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 19.06.2023 жылғы № 265 Жарлығына сәйкес (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 31.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедектігі бар адам, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы (ата-аналары) не Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген жастағы зейнеткер ата-анасы (ата-аналары) бар мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротацияға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.
Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
3. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
4. Мемлекеттік қызметшінің ротациясын мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) жүзеге асырады.
5. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, мемлекеттік қызметшіні басқа мемлекеттік лауазымға ротациялаған, лауазымын төмендеткен немесе қызметтен шығарған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін ғана оны ротациясы жүзеге асырылған алдыңғы лауазымға, сондай-ақ ротациядан бас тартуына байланысты лауазымы төмендетілген немесе қызметтен шығарылған лауазымға тағайындауға жол беріледі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі мемлекеттік саяси қызметшіге және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қатысты тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы бойынша қабылдануы мүмкін.
6. Басқа елді мекенге ротация кезінде мемлекеттік қызметшіге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғынжай беріледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2024 жылғы № 687 Жарлығымен (19.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік саяси қызметшілерге және «А» корпусының қызметшілеріне, осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) ротациялық төлемдер белгіленеді.
Ротация мерзімі басталған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне үш және одан да аз жыл қалған мемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде уәкілетті адамның осы қызметшіні ротациядан босату туралы актісі қабылданады.
7. Ротация мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
3) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін және басқару тәжірибесін тиімді түрде пайдалану;
4) мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру.
8. Ротация мынадай схемалардың біреуі бойынша жүргізіледі:
1) деңгейаралық («орталық – өңір», «өңір – орталық»);
2) өңіраралық («өңір – өңір»);
3) сектораралық («орталық – орталық»);
4) ішкі өңірлік (өңірдің шегінде).
2-тарау. Мемлекеттік саяси қызметшілерге және «А» корпусының қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік саяси қызметшілер мен «А» корпусы қызметшілерінің ротациясы:
1) мемлекеттік саяси қызметшілерді (Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өкілеттік мерзімі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында айқындалған мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) бос немесе уақытша бос мемлекеттік саяси лауазымдарға;
2) «А» корпусының қызметшілерін «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына;
3) мемлекеттік саяси қызметшілер (Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өкілеттік мерзімі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында айқындалған мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) мен «А» корпусының қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік саяси қызметшілер мен «А» корпусы қызметшілерінің ротациясы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі уәкілетті адамға (органға) не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне:
1) осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген ротация мерзімдері басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, осы мемлекеттік органның ротацияға жататын мемлекеттік саяси қызметшілерінің және (немесе) «А» корпусы қызметшілерінің тізімін;
2) өзге мемлекеттік органдардың ротация мерзімдері басталғанға дейін үш айдан аз уақыт қалған мемлекеттік саяси қызметшілерінің және (немесе) «А» корпусы қызметшілерінің тізімін енгізеді. Бұл тізімді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне жазбаша сұрау салу бойынша береді.
11. Мемлекеттік қызметшінің ротациясы жоспарланған мемлекеттік органның бірінші басшысы не мемлекеттік қызметшінің ротациясы жоспарланған тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшінің ротация мерзімі басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін немесе осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген «А» корпусы қызметшісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік саяси қызметшінің немесе «А» корпусы қызметшісінің ротациясы туралы ұсыныс енгізеді.
Егер мемлекеттік саяси лауазымға немесе «А» корпусының лауазымына ротация тәртібімен басқа мемлекеттік органнан мемлекеттік саяси қызметшіні немесе «А» корпусының қызметшісін тағайындау жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік қызметшіні тағайындау туралы ұсыныста ротацияны мемлекеттік қызметшінің ағымдағы жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысымен келіскені туралы ақпарат көрсетіледі.
12. Ротация шеңберінде:
1) мемлекеттік саяси қызметшілерді тағайындау – осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген мемлекеттік саяси қызметшінің ротация мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) «А» корпусының қызметшілерін тағайындау – «А» корпусы қызметшісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік саяси қызметшінің немесе «А» корпусы қызметшісінің ротациясы не өкілеттігін тоқтату туралы шешім болмаған жағдайда, олар тиісті шешім қабылданғанға дейін атқаратын лауазымдарында жұмысын жалғастыра береді.
14. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ротациясы оны соңғы атқаратын лауазымына тағайындаған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылым өзгергеннен не лауазымдар қайта аталғаннан кейін мемлекеттік саяси қызметшілер бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта жаңартылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне мемлекеттік саяси қызметшінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.
Уәкілетті адамның (органның) шешімі бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Осы мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
15. «А» корпусы қызметшілерінің ротациясы олар «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнаулы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жүргізіледі.
16. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Президентінің актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, «А» корпусы қызметшісінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне «А» корпусы қызметшісінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.
Уәкілетті адамның (органның) шешімі бойынша «А» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Осы «А» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте «А» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
3-тарау. «Б» корпусының қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібі
17. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, сонымен қатар өзге мемлекеттік органдардың В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, D-O-1, D-O-2 және Е-1 санаттарындағы «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы:
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.10.2024 жылғы № 687 Жарлығына сәйкес (19.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген «Б» корпусының қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы олардың соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күнінен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылымы не лауазымдардың атауы өзгергеннен кейін «Б» корпусының қызметшілері бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін, бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежедегі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта басталмайды.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.10.2024 жылғы № 687 Жарлығына сәйкес (19.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусының қызметшісі бұрын атқарған және бұл лауазымнан өз еркімен не өзге лауазымға тағайындалуына байланысты босатылған лауазымға бір жыл ішінде тағайындалған жағдайда ротациялау мерзімі бұрын атқарған кезеңмен қоса есептеледі.
«Б» корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен екі жылға ұзартылуы мүмкін не «Б» корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылады не ол келіскен жағдайда және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі. «Б» корпусының осы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін одан әрі:
1) В-1, С-1, С-О-1 және D-O-1 санаттарындағы қызметшілерге қатысты – Ұлттық комиссияның;
2) А санаттарының тобына және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының В санаттарының тобына, содай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары аппараттарының В-1 және В-2 санаттарына қатысты – уәкілетті адамның;
«Б» корпусы қызметшісінің, оның ішінде осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген лауазымдарды басқа мемлекеттік органдардан іссапарға келу тәртібімен атқаратын қызметшілердің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілместен жүзеге асырылады.
19. Персоналды басқару қызметі немесе персоналды басқарудың бірыңғай кадр қызметі ротация мерзімі басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей ротацияға жататын «Б» корпусы қызметшілерінің тізімін қалыптастырады және оны уәкілетті адамның қарауына енгізеді.
20. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы уәкілетті адамның актісімен жүргізіледі.
20-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2024 жылғы № 687 Жарлығымен (19.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте «Б» корпусының B-2, C-2, С-О-2, D-O-2 және E-1 санаттарындағы қызметшілердің ротациясы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісі белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген, осы Қағидалардың талаптары сақталмаған жағдайда, сондай-ақ ротацияға жататын «Б» корпусының қызметшісі соңғы жыл ішінде ротация ұсынылған жердегі мемлекеттік органның басшысы болып табылатын адамның тікелей басшылығымен жұмыс істеген жағдайда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келісуден бас тартады.
21. Кемінде соңғы төрт жыл бойы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік лауазымдарды атқаратын (осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда), оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін «Б» корпусы қызметшілерінің арасында осы «Б» корпусы қызметшілерінің және уәкілетті адамдардың өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері ескеріледі.
22. Ротация шеңберінде «Б» корпусының қызметшілерін тағайындау осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген «Б» корпусы қызметшілерінің ротация мерзімі басталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте уәкілетті адам «Б» корпусының қызметшісін алдағы ротация туралы күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді. Осы мерзім өткеннен кейін уәкілетті адамның ротацияға жататын «Б» корпусының қызметшісін лауазымға тағайындау туралы тиісті актісі шығарылады.
Егер «Б» корпусының қызметшісі ротация тәртібімен үміттеніп отырған лауазым ротация жүргізу кезінде бос болмаса, онда «Б» корпусының қызметшісі көрсетілген лауазым босағанға дейін атқарып отырған лауазымында жұмысын жалғастыра береді.
4-тарау. Өтпелі ережелер
Осы Санаттар мен лауазымдар 4-тараумен толықтырылды ҚР Президентінің 30.10.2024 жылғы № 687 Жарлығына сәйкес (өзгерту 31.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусының қызметшілері 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атқарып отырған лауазымда төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімде болған жағдайда ротацияға жатады. Қызметші бас тартқан жағдайда оның лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның шешімімен оның атқаратын лауазымында болуының алты жылынан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін не қызметші лауазымынан босатылады не ол келіскен және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі.
24. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусының қызметшілері 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атқарып отырған лауазымда алты жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімде болған жағдайда ротацияға жатады. Қызметші бас тартқан жағдайда осы Қағидалардың 18-тармағымен бекітілген тәртіппен оның лауазымда болу мерзімі сегіз жылдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін не қызметші лауазымынан босатылады не ол келіскен және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі.
25. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусының қызметшілері 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атқарып отырған лауазымда сегіз және одан астам жыл мерзімде болған жағдайда ротацияға жатады. Қызметші бас тартқан жағдайда лауазымынан босатылады не ол келіскен және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі.
26. Осы Қағидалардың 23, 24, 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда «Б» корпусының қызметшілері осы Қағидалар қолданысқа енгізілген кезден бастап үш ай ішінде ротациялануға жатады.
Бұл ретте осы Қағидалар қолданысқа енгенге дейін қабылданған ротация туралы шешімдер қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өз күшін сақтайды.
_____________________________
Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдеріне, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына ҚОСЫМША
Мемлекеттік қызметшілердің өзара келісімі бойынша олардың арасында ротация жүргізуге жол берілетін «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарының тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2024 жылғы № 687 Жарлығымен (19.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Санат |
Лауазым |
В санаттарының тобы |
|
В-3 |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігiнің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басқарма (қызмет) басшысы |
В-4 |
Сектор меңгерушісі |
С санаттарының тобы |
|
С-3 |
Басқарма басшысы |
Басқарма басшысының орынбасары |
|
Консул – консулдықтың басшысы |
|
С-О-3 |
Басқарма басшысы |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органының басқарма басшысы |
|
Кеден бекетінің басшысы |
|
Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы |
|
С-О-4 |
Бөлім басшысы |
Кеден бекеті басшысының орынбасары |
|
C-R-1 |
Аудандық аумақтық басқарманың басшысы |
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісінің басшысы |
|
C-R-2 |
Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары |
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары |
|
C-R-3 |
Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы |
D санаттарының тобы |
|
D-1 |
Мәслихат аппаратының басшысы |
D-2 |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппарат басшысы |
Әкім аппараты басшысының орынбасары |
|
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары |
|
D-3 |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
D-O-3 |
Бөлім басшысы |
D-R-1 |
Бөлім басшысы |
D-R-2 |
Бөлім басшысының орынбасары |
D-R-3 |
Сектор меңгерушісі |
Е санаттарының тобы |
|
Е-2 |
Аппарат басшысы |
Е-3 |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
E-R-1 |
Бөлім басшысы |
E-R-2 |
Бөлім басшысының орынбасары |
E-R-3 |
Сектор меңгерушісі |
E-G-1 |
Әкімнің орынбасары |
E-G-2 |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы |