Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығы
Редакция 29.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
"Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 07.03.2013 жылғы № 523 Жарлығымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  26.03.2013 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құрылымдары мен штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде аталған лауазымдар атауларына қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) бұрын қабылданған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін; 
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (07.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (07.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (07.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (07.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 1556 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 174-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығының 3-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 329-құжат);
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1606 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 345-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 1614 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 380-құжат).
7. Осы Жарлық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
 N№501 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша ТІЗІЛІМІ
Тізілім алынып тасталды ҚР Президентінің 07.03.2013 жылғы № 523 Жарлығымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  26.03.2013 жылдан бастап )
Полная версия
ИС BestProfi