Близость слов: Окончание:





ҚазақстанРеспубликасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ҚАҒИДАЛАРЫ
Редакция 19.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 10-тармағына және 60-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (22.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Мемлекеттік саяси қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.02.2022 жылғы № 814 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары негізінде және (немесе) тапсырмаларын орындау мақсатындағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны (бұдан әрі – тәртіптік теріс қылық) үшін мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 21.11.2024 жылғы № 709 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2-тарау. Тәртіптік жазалар қолдану тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.02.2022 жылғы № 814 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жазаны жоғары тұрған лауазымды адам (орган) немесе тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) қолданады.
3-1. Мемлекеттік саяси қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 02.05.2025 жылғы № 870 Жарлығына сәйкес (өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 21, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
3-2. Осы Қағидалардың 3-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жазаны осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген уәкілетті адам соңғы атқаратын лауазымы бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері шегінде қолданады.
2-тарау 3-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 02.05.2025 жылғы № 870 Жарлығына сәйкес (өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерге — олардың өз бастамасымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының, Қазақстан Республикасы Президенті уәкілеттік берген өзге лауазымды адамдардың немесе мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қолданылады;
2) Әкімшілік басшысы тағайындаған Президент Әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметшілеріне – Әкімшілік Басшысы өз бастамасымен немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының немесе мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметіне жетекшілік ететін лауазымды адамдардың ұсыныстары бойынша қолданады;
3) Үкімет Аппараты мен орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне – Үкімет немесе Премьер-Министр өз бастамасымен не тиісінше Үкімет Аппаратының Басшысы, Үкімет мүшелерінің ұсыныстары бойынша қолданады;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Парламент палаталары аппараттарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне – осы палаталардың бюролары палаталар төрағаларының ұсыныстары бойынша қолданады;
5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне – осы атқарушы органдардың жоғары тұрған басшылары қолданады;
6) өзге мемлекеттік саяси қызметшілерге – өз бастамасымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсыныстары бойынша мемлекеттік органдардың басшылары қолданады.
Полная версия
ИС BestProfi