Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртібін нығайту және жауапкершілігін арттыру мақсатында, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес Қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 31 желтоқсан N 321
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
Редакция 29.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 489-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидалары
бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік органның басшысына", "мемлекеттік орган басшысының", "мемлекеттік орган басшысы", "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік органдардың басшыларына" сөздер "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаға", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаға" сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 27.11.2007. № 446 Жарлығымен. (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз) Қағида өзгертілді ҚР Президентінің 16.08.2013 жылғы № 616 Жарлығымен (18.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) тәртіптік жауаптылығы - заңдық жауаптылықтың бір түрі, ол қызметшілерге өздерінің қызметтік міндеттерін атқару үстінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жүктеледі;
2) тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) - құқыққа қайшы, қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамау кінәсі не тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін (Мемлекеттiк қызметшілер қызмет этикасының қағидаларын) бұзуы (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi), тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін сақтамауы болып табылады;
3) тәртiптiк жаза (бұдан әрi - жаза) - тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын қызметшiнi қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды адам қолдануы мүмкiн тәртiптiк жауаптылық шарасы;
4) қызметтiк тексеру - қызметшiнiң терiс қылығы туралы материалдар мен мәлiметтердi, оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты әрi әдiл анықтау мақсатында жинау және тексеру жөнiнде атқарылатын қызмет.
3. Тәртіптік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - қызметтік тексеру материалдарын қарау, теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттеу және қызметшілерге қатысты, оның ішінде тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны және (немесе) Ар-намыс кодексiн бұзғаны үшін қызметшілерге қатысты жаза шарасы туралы ұсынымдар шығару үшін мемлекеттік органда құрылатын тұрақты алқалы орган.
4. Облыстарда, астанада, республикалық маңызы бар қалада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай тәртіптік комиссия құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, астананың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай тәртіптік комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай тәртіптік комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
5. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерін, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының әкімдерін қоспағанда, тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген «А» корпусының қызметшілеріне қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы қарайды.
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (16.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия