Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 152 Жарлығымен
 бекітілген
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу
 ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Жарлық қағидалармен толықтырылды ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
1. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеудің осы қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 ҚБП Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу коэффициенттеріне сәйкес лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілге мемлекеттік қызметте болған барлық уақыт енгізіледі.
3. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу үшін, сондай-ақ мына:
1) Қазақстан Республикасының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыт, сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқыту кезеңі;
2) құқық қорғау органдарында, оның ішінде мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, қаржы полициясында (салық полициясында (милицияда), мемлекеттік өртке қарсы қызметте, қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның, бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінде лауазымға тағайындалған күннен бастап (оның ішінде тағылымдамашы лауазымында) қызмет өткерген уақыт, сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқыту кезеңі;
3) арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген уақыт, оның ішінде арнаулы (әскери) оқу орындарында оқу кезеңі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбек қызметі өтілі еңбек сіңірген жылдарына есептелген уақыт;
4) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның судья лауазымында және сот аппараттарында (кеңселерінде) мемлекеттік (жауапты) лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;
5) мемлекеттік қызметтегі адамдардың бала үш жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын әлеуметтік демалыстың басқа да түрлерінің уақыты;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның аумақтық бөлімшелеріндегі, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік банкі жүйесіндегі жұмыс істеген уақыт;
7) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;
8) мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдардағы немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;
9) егер осы лауазымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылған болса, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсеткен және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер лауазымдарында жұмыс істеген уақыт;
10) егер қызметші тағайындауға дейін тікелей мемлекеттік қызметте болса, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдамасы бойынша халықаралық ұйымдардағы немесе басқа мемлекеттерде жұмыс істеген уақыт;
11) Еуразиялық экономикалық комиссияда және Еуразиялық экономикалық одақтың Сотындағы жұмыс істеген уақыт;
12) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарда жұмыстан қол үзіп оқыған, сондай-ақ қызметші оқуға түскенге дейін мемлекеттік қызметте болса және оны аяқтаған соң мемлекеттік қызметке қайтып келсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолдауы бойынша шетелде оқыған уақыт;
13) Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, сондай-ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асырған уақыт;
14) мемлекеттік органның құрылуы кезінде, сондай-ақ арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарған адамдардың жұмыс істеген уақыты;
15) мемлекеттік қызметшілерді заңсыз қызметтен шығару кезінен бастап олар мемлекеттік қызметке қайта орналастырылғанға дейінгі уақыт;
16) мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кіру кезіндегі сынақ мерзімінен өту уақыты кіреді.
4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін өтіліне құқық қорғау органдарында қызмет өткерген және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыты кіреді.
5. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды, оның құрамын мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам бекітеді.
Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу мәселесін қарау үшін:
2) алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органдағы мемлекеттік лауазымға тағайындау негіздер болып табылады.
Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, көшірмесі бухгалтерияға беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің талап етуі бойынша үш жұмыс күні ішінде оған комиссия шешімінен үзінді береді және оны растайды.
6. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді айқындау үшін еңбек кітапшасы немесе қызметтік тізім негізгі құжаттар болып табылады.
Еңбек кітапшасы, қызметтік тізім болмаған кезде, сондай-ақ қажетті жазба болмаған не жұмыс кезеңдері туралы қате немесе дәл емес жазбалар болған жағдайда еңбек өтілін растауға еңбек шарты, жұмыс берушінің актілерінен үзінділер, қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінділер, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер, жұмыс орнынан анықтамалар немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама қабылданады. Мемлекеттік қызмет өтілін куәлардың айғақтарымен растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Күнтізбелік бір ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыруға құқығы пайда болған қызметшілерге лауазымдық жалақыны өтілін есепке алумен есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап жүзеге асырылады.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға сәйкес лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеумен есепке алынады.
Полная версия
ИС BestProfi