Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы 
  Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы  2014 жылғы 13 қаңтар № 721
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
«Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
Қоса беріліп отырған «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинауды, өңдеу және қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға жүзеге асырады.»;
2) «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте жоспарлы ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу рәсіміне қажетті құжаттар  тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында айқындалады.».
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
 2014 жылғы 13 қаңтардағы
 № 721 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидалары
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы  23  шілдедегі  Қазақстан  Республикасының Заңының 18-1-бабын іске асыру мақсатында әзірленген.
Полная версия
ИС BestProfi