Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 13 сәуір N 372 Жарлығы
Тақырып өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
Редакция 24.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтіні;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2001 жылғы № 720 жарлығымен (22.05.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 30.06.2005 жылғы № 1598,  (03.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз) (2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 27.11.2007 жылғы № 446, 28.12.2007. № 501 Жарлықтарымен (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
2-тармақ алынып татсалды ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері антының мәтіні және ант беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актісімен белгіленеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл антының мәтіні және ант беру тәртібі «Адам құқықтары жөнiндегi уәкіл қызметiн белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен белгіленеді.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып татсалды ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
4-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Жарлық 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 28.12.2007 жылғы № 501 Жарлығымен (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
4-1-тармақ алынып татсалды ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлғаға Ант береді. 
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының жетекшісі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлғаға Ант береді.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып татсалды ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
5-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Жарлық 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 03.08.2004 жылғы № 1415 жарлығымен
5-1-тармақ алынып татсалды ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
5-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Жарлық 5-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 28.12.2007 жылғы № 501 Жарлығымен. (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
5-2-тармақ алынып татсалды ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
5-3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Жарлық 5-3-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 28.12.2007 жылғы № 501 Жарлығымен (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
5-3-тармақ алынып татсалды ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2000 жылғы 13 сәуірдегі
 N 372 Жарлығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісінің анты
Ант өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.
А.Ә.Т. ________________________________________________________

      _______________________________________________________________
                                (қолы, күні)
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2000 жылғы 13 сәуірдегі
 N 372 Жарлығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің Ант беру тәртібі
Ант беру тәртібі өзгертілді ҚР Президентінің 28.12.2007 жылғы № 501 Жарлығымен (27.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз) (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
Ант беру тәртібі өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 601 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының Президентіне - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері;
2) егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары; министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары; Адам құқықтары жөніндегі уәкіл; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы, оның орынбасарлары; "Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры, оның орынбасарлары;
облыстардың әкімдеріне - олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдері;
астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдеріне - олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері ант береді.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары мен олардың орынбасарлары алдында ант беретін лауазымды адамды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бюросы айқындайды.
3. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымнан мемлекеттік саяси лауазымға ауысқан кезде ант береді.
4. Мемлекеттік саяси қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметке ауысқан, сондай-ақ басқа мемлекеттік саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентіне ант беру көзделетіндерді қоспағанда, қайтадан ант бермейді.
2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ант беру тәртібі
5. Ант берудің салтанатты рәсімі ресми рәсімдер мен қабылдауларға арналған тиісті қызметтік ғимараттың залында өткізіледі.
Ант беру кезінде болуға тиісті міндетті атрибуттар - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Туы.
Ант беру салтанатты антты қабылдаушы лауазымды адамның кіріспе сөзімен басталады. Ант беретін адам мінберге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан соң оған қол қояды және антты қабылдаған лауазымды адамға береді.
Залға Ант беретін мемлекеттік саяси қызметшілерден басқа өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тиісінше ресімделген және мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылған анттың мәтіні ант берушінің қалауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.
Ант бергеннен кейін антты қабылдаған лауазымды адам қысқаша құттықтау сөз сөйлейді.
Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталады, қатысушылары оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
Полная версия
ИС BestProfi