Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
Редакция 01.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 27, 225-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережеге толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 23 сәуірдегі N 3919 Жарлығы .
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 10 наурыздағы
№ 357 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Құжат мәтініндегі "Мемлекеттік орган басшысының", "Мемлекеттік орган басшысы", "мемлекеттік органның басшысы", "Мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының" сөздері "Осы Ереженің 7-1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның", "Осы Ереженің 7-1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға", "осы Ереженің 7-1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға", "Осы Ереженің 7-1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға", "осы Ереженің 7-1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның" деген сөздерімен ауыстырылды ҚР Президентінің 27.11.2007 жылғы № 446 Жарлығы бойынша (29.03.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 11.05.2001 жылғы № 605 Жарлығымен (11.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 21.04.2003 жылғы № 1071 Жарлығымен (11.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 29.03.2004 жылғы № 1322 Жарлығымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 28.12.2007 жылғы № 501 Жарлығымен (27.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 16.11.2012 жылғы № 435 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.03.2013 жылғы № 526 Жарлығымен (16.11.2012 ж.редакцияны қараңыз)
Осы Ереже мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеру мәселелерін регламенттейді.
1-бөлім. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруі
1. Мемлекеттік саяси қызметшілерге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік саяси лауазымға орналасу азаматтар арнайы тексеруден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда келісуден өту шартымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі функциялары және олардың қызметін ұйымдастыру
2. Мемлекеттік саяси қызметшінің функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, осы Ережемен, тиісті мемлекеттік орган туралы ережемен және міндеттер бөлінісімен айқындалады.
3. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі функциялары:
1) мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдер қабылдау;
Полная версия
ИС BestProfi