Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда № 33706 болып тіркелді
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1023 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12923 болып тіркелген) және «Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 120 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7505 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2023 жылғы 29 қарашадағы
 № 168 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 06.11.2025 жылғы № 137 Бұйрығына сәйкес (29.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  1. Осы Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы қағидаттары мен талаптарын белгілейді.
  2. Осы Стандартта қолданылатын анықтамалар:
  1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
  2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
  3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Полная версия
ИС BestProfi