БҰЙЫРАМЫН:
«Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 желтоқсанда № 35477 болып тіркелді
1. «Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармақтың 1), 2), 6), 8), 9), 10), 12), 13) тармақшаларына, 19-1-баптың 4, 5, 7-тармақтарына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
1) Қағидалардың 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 114-тармақтың төртінші бөлігін және 115-тармақтың екінші бөлігін;
2) Қағидалардың 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 23-тармақты және 29-тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін тоқтатылсын:
1) осы бұйрықтың 58-тармағының 1) және 2) тармақшалары тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:
«1) кепілдік беретін жеткізушілер болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын сатып алуының тәуліктік көлемінің құнына,
2) электр энергиясын кепілдік беретін жеткізушілер болып табылмайтын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне алдын ала төлем көлемінің және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы субъектілер үшін электр энергиясын сатып алуға арналған тәуліктік шығыстарының айырмашылығына байланысты бірыңғай сатып алушының кірістері мен шығыстарының тәуліктік көлемдері айырмасының модулі (егер көрсетілген айырма оң болса, бұл құраушы нөлге тең (нөлден артық), электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға операциялық тәуліктерге электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тәулік сайын алмайды, бұл ретте алмау пропорциясы аталған барлық субъектілерде бірдей болады.»;
2) Қағидаларға 1-қосымшаның 11-тармағы тоқтата тұру кезеңінде осы тармақты мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:
«11. Атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілген Сатып алушы үшін нақты төлем атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілген осы субъект үшін осы сағатқа көрсетілген электр энергиясын сатып алуға арналған баға бойынша жүргізіледі.».
Полная версия