Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығының және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 605 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
 Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 қарашадағы № 803/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 қарашада № 35486 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9808 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 605 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11498 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж. Мадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi