«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже ЕРЕЖЕ
Осы ереже Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан халқының Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады.
2. Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ассамблея туралы Заң), Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ассамблеяның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
2-тарау. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері
4. Ассамблея өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;
2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында шаралар әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
3) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптамаға қатысады;
4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
5) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Ассамблея сессиялары мен Ассамблея Кеңесінің шешімдерін қарауына бақылауды жүзеге асырады;
Полная версия

