Близость слов: Окончание:





«Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 17 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 сәуірде № 35933 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
«1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің инвестициялық портфелін басқарушылардың (бұдан әрi – ұйым) және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – брокер) брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлiк есебін жүргiзуін нақтылайды.
3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатында айқындалады.
Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің және брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым және брокер «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.»;
«10. Осы Нұсқаулықтың 7 және 9-тармақтарына сәйкес сыйақы және сыйлықақы немесе дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясын есептегеннен кейін өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздар ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен қайта бағаланады және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша:
егер борыштық бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:


 

Дт

1120 04

Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету


 

Кт

6150 01

Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған кірістер;

егер борыштық бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:


 

Дт

7470 03

Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын өзгертуден болған шығыстар


 

Кт

1120 05

Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету;

борыштық бағалы қағаздардың әділ құнының есептелген оң немесе теріс түзеті сомасына:
Полная версия
ИС BestProfi