Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 Қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 тамыздағы № 7121 тіркелді
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) және 3-4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (21.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (21.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) және 3-4) тармақшаларына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы №220 Қаулысына сәйкес (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 122 Қаулысына сәйкес (21.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның (бұдан әрi - ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды қаржы құралдарына, аффинирленген бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 388 қаулысымен (24.08.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 83 Қаулысына сәйкес (23.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 251 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатында айқындалады.
4. Осы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат етіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-тарау тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) борыштық бағалы қағаздар - бағалы қағаздар иесінің эмитенттен шығару талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімдерде негізгі борыш сомасын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаздар;
2) дисконт (жеңілдік) - борыштық бағалы қағазды сатып алу құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және оның номиналдық құны арасында пайда болған, инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін құрайтын теріс айырмашылық сомасы;
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысымен (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)