Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 тамыздағы № 7121 тіркелді
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 98 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5433 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Төрағасы                            Г. Марченко Қазақстан Республикасының 
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2011 жылғы 1 шілдедегі  
 № 68 қаулысымен      
 бекітілген       
Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді.
2. Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерінің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйым) меншікті ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру бойынша операциялардың, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 271 Қаулысымен (01.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатында айқындалады.
4. Осы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
Шетел валютасын, қаржы құралдарын, тазартылған қымбат металдарды, туынды қаржы құралдарын және басқа да активтерді валюталарды айырбастаудың нарықтың бағамының өзгеруімен немесе олардың әділ құнының ұйымдардың жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен іске асырылған және іске асырылмаған кірістер мен шығыстар деп бөлмей өзгеруімен байланысты қайта бағалаудан болған кірістер мен шығыстар сомаларын көрсетуге жол беріледі.
2-тарау. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
5. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) борыштық бағалы қағаздар - бағалы қағаздар иесінің эмитенттен шығару талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімдерде негізгі борыш сомасын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаздар;
2) дисконт (жеңілдік) - борыштық бағалы қағазды сатып алу құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және оның номиналдық құны арасында пайда болған, инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін құрайтын теріс айырмашылық сомасы;
3) есептік құн - актив немесе міндеттеме бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құн;
Полная версия
ИС BestProfi