1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2011
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5433 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.07.2011 № 68 Қаулысымен (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 шілдедегі N 95 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3015 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 24 тамызда N 216 (23851) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің инвестициялық қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 135 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5088 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және арнайы қаржы компанияларына жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 98 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " 1995 жылғы 30 наурыздағы және " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі - ұйымдар) меншікті ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, аффинирленген бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру бойынша операциялардың, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.
3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәмілелер бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатымен айқындалады.
4. Осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
Полная версия