Близость слов: Окончание:





Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 мамырда № 36140 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-тармағының 4)-тармақшасы мен 19-тармағы 4)-тармақшасының төртінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 244 бұйрығымен
бекітілген
Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидалары
1. Осы Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 39-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қоғамды республикалық және жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен атқарылуы туралы хабардар ету мақсатында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау тәртібін айқындайды.
2. Азаматтық бюджет – Бюджет кодексінің 40-бабына сәйкес жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат.
3. Азаматтық бюджетті жариялау орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ресми интернет-ресурстарында, оның ішінде міндетті түрде ашық бюджеттердің интернет-порталында Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу, мемлекеттік құпиялар туралы, әкімшілік рәсімдер, қоғамдық кеңестер, ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, «Азаматтық бюджет» жеке құрылған қойындыда жүзеге асырылады.
4. Азаматтық бюджет бюджеттік процестің мынадай: бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау), атқару кезеңдерінде жасалады.
5. Азаматтық бюджетті қалыптастыру мен жариялауды:
республикалық бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
республикалық бюджетті атқару сатысында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
Полная версия
ИС BestProfi