«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1 және 2-тармақтарына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2), 11-4), 11-6) тармақшаларына, 26-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және 27-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда № 36281
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесі;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Полная версия

