Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес 1-тармақша келесі редакцияда қолданылады: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@ 
1) әлеуетті жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
1-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
1-1) әлеуетті жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік – осы Заңға сәйкес әзірленген және бекітілген жекеше әріптесті айқындау тәртібіне, үлгілік конкурстық құжаттамаға және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартына сәйкес салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот – кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды жекеше әріптес орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы – осы Заңға сәйкес белгіленген құзыретіне сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) концессиялық шарт (концессия, концессия шарты) – мемлекеттік әріптес (концедент) пен жекеше әріптес (концессионер) арасында жасалған және осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшін концессионердің тұтынушылардан төлемақы (тұтынушылардан алынатын төлемақы) алуын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 18.07.2025 жылғы № 215-VIII Заңымен (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) қолжетімділік үшін төлемақы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке-дара техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем;
5) мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігінде өкілеттіктер берілген бір немесе бірнеше мемлекеттік орган немесе мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
6-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 15.03.2025 жылғы № 172-VIII Заңына сәйкес 7-тармақша келесі редакцияда қолданылады: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@ 
Полная версия
ИС BestProfi