Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, брокерлердің, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының, кредиттік бюролардың активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы салықтық есептілікті ұсыну міндеттемесі туындаған жеке тұлғаларды салықтық әкімшілендіру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37397 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 54-бабының 6, 7 және 8-тармақтарына, 56-бабының 4, 13, 15 және 19-тармақтарына және Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері ұсынатын жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына брокерлер ұсынатын сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым ұсынатын бағалы қағаздарды ұстаушы тұлғалар туралы, сондай-ақ тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтер нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы тұлғалар туралы, сондай-ақ тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтерді ұсынуы туралы сұрау салу нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының тауар биржаларының және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтарының тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жеке тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтерді ұсынуы туралы сұрау салу нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынатын бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтер нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жеке тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушылары ұсынатын краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органына қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес кредиттік бюролар ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтер нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органына кредиттік бюролардың активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдар алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің rейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Полная версия
ИС BestProfi