Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38559 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу төртінші, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс төртінші, алпыс сегізінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, тоқсан алтыншы, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз жиырма үшінші, жүз жиырма төртінші және жүз отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы М. Калиакпаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 сәуірдегі
№ 98
Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
«10) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;»;
«76. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, тіркеуін жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерінде кондукторға (жүргiзушiге) тікелей автобусқа отырғызу кезінде, ол аялдама пунктінен жөнелтілгенге дейін, немесе жол жүру үшін цифрлық төлем жүйесі арқылы төлейді.
Халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда маршруттары бойынша жол жүруге төлем жолаушылар агенттігі немесе жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттік немесе электрондық билеттерді сататын цифрлық жүйесімен қабылданады және жолаушының жеке басын растайтын құжаттар түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде жүзеге асырады. Жолаушыларды отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын (ол болған кезде), билетті сату кезінде көзделген автокөлік құралына орын нөмірін және оның орналасуын тексеру жолымен жүзеге асырылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi