Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11550 тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 жылғы № 602 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 жылғы № 521 Бұйрығына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 жылғы № 694 Бұйрығына сәйкес (16.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 жылғы № 521 Бұйрығына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)