Близость слов: Окончание:





Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11550 тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Көлік министрінің 05.06.2025 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.08.2025 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (19.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 жылғы № 521 Бұйрығына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.08.2025 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (19.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар 
және даму министрінің 
міндетін атқарушы         Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы 19 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 29 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының
2015 жылдың 26 наурыздағы
№ 349 бұйрығымен бекітілген
Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.08.2025 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (19.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 жылғы № 694 Бұйрығына сәйкес (16.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 жылғы № 521 Бұйрығына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.08.2025 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (19.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi