Близость слов: Окончание:





"Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 372 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1. "Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
 "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
 көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
 2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігін, 42-тармағын және 43-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бұл ретте төмендегілер 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда деп қолданылады деп белгіленсін:
 Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігі:
"28. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциялары заттай сақталады. Заттай ведомстволық коллекциялармен қатар бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар суреттерінің электрондық массиві құрылуы мүмкін, ол Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша автоматтандырылған ақпараттық баллистикалық жүйелерді (бұдан әрі – ААБЖ) пайдалану арқылы құрылады.";
"42. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын жоғалту (ұрлату) фактісі анықталған кезде қаруды іздестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ол қолданылып жасалған қылмыстарды ашу мақсатында сотқа дейінгі немесе қызметтік тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті бөлініске жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін бұған дейін атылған оқтар мен гильзаларды бес жұмыс күні ішінде салып жіберу, электрондық массив құрылған болса, ІІМ КОГҚ массиві бойынша тексеру үшін жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ААБЖ электрондық массивінен экспортталған суреттерін электрондық түрде қоса жіберу жөнінде сұрату жібереді.";
 Қағидалардың 43-тармағының екінші бөлігі:
"ААБЖ пайдаланылатын электрондық массив құрылған болса, жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларының суреттері электрондық түрде қоса беріледі.".
 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 8 мамырдағы
№ 372 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 429 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары
1. Осы Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, қару-жараққа қабылданған ойық жауынгерлік қол атыс қаруынан (бұдан әрі – жауынгерлік қару) бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ ішкі істер органдарының жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi