Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысы
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 жылғы № 372 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2026 жылғы № 372 Қаулысына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1370 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат).
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2026 жылғы № 372 Қаулысына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, қару-жараққа қабылданған ойық жауынгерлік қол атыс қаруынан (бұдан әрі – жауынгерлік қару) бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ ішкі істер органдарының жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті бөліністерінің сақтауындағы қару-жараққа қабылданған жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары, сондай-ақ ішкі істер органдарының уәкілетті бөліністерінде сақтаудағы жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары болып табылады.
1) бақылау үшін ату – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті тұлғаларының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру үшін құзыреті бойынша жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан атуы;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық оқ-гильза қоймасы (бұдан әрі – ІІМ КОГҚ) – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қаруды қоспағанда, тергеу әрекеттері барысында алынған қару ізі бар оқтардың, гильзалар мен патрондардың, сондай-ақ ұрланған (жоғалған) немесе алып қойылған, табылған, ерікті түрде тапсырылған ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде ойық ұңғылы атыс қаруына арналған патрондарға әзірленген және (немесе) қайта жасалған тегіс ұңғылы қарудан эксперименттік атылған оқтар мен гильзалардың, ұңғысыз атыс қаруынан, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудан атылған гильзалардың коллекциялары;
4) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының құзыреті бойынша уәкілетті бөліністері жүзеге асыратын жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату, бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды есепке алу, сақтау, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) уәкілетті бөлініс – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты қару-жарақ және (немесе) тылдық қамтамасыз ету (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) қызметінің құрылымдық бөлінісі;