БҰЙЫРАМЫН:
«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38680 болып тіркелді
1. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
««Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
«1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды беру тәртібіне және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру», «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» және «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;
«5) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект.»;
«9. Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май-тоң май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес нысан бойынша өтінім берілген күні ресімделеді.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Ветеринариялық сертификат межелі пунктке дейін жарамды және көрсетілетін қызметті алушы ол берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына ветеринариялық сертификат береді.
Ветеринариялық сертификат осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім сақталмаған кезде және/немесе «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 6-тармағына сәйкес қолданылуын тоқтату үшін негіздер бойынша өзінің қолданылуын тоқтатады.»;
«13. Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат импорттаушы ел талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген) бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілген тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат болған кезде беріледі.
«15. Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден келетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге соңғы межелі пунктіне дейін экспорттаушы елдің «Кіргізуге рұқсат» деген мөртабан қойылған ветеринариялық сертификаты қолданылады.
Үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге межелі (жеткізу) пунктте экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық сертификатына қайта ресімделе отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
Полная версия

