БҰЙЫРАМЫН:
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 148- НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 маусымда № 38870 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – Тізбе).
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының тоғынызшы және оныншы абзацы, Тізбенің 2-тармағының тоғызыншы, оныншы, он үшінші, он төртінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары, Тізбенің 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, он екінші және он үшінші абзацтары, Тізбенің 4, 5 және 6-тармақтары, Тізбенің 7-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Тізбенің 2-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
«3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсына отырып, ауысу туралы еркін нысандағы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге не «цифрлық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді.»;
Тізбеге 1, 2, 3, 6, 9, 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7, және 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж. Сулейменова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 148-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Полная версия

