Близость слов: Окончание:





«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 қазандағы № 665/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 350/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 маусымда № 39076 болып тіркелді
1. «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 қазандағы № 665/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35294 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы Д. Мусалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 350/НҚ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндет атқарушы
2024 жылғы 22 қазандағы
№ 665/НҚ бұйрыққа
қосымша
«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1. Осы «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармағына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық оператор – виртуалды оператор байланыс желісінің инфрақұрылымын пайдалану туралы шарт жасасатын ұялы байланыс операторының қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар байланыс операторы;
Полная версия
ИС BestProfi