1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы № 556-IV Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 63-баптың 5-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда пробациялық бақылауды белгілейді және сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын өзгертпеуді, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктейді. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін өзге де міндеттерді жүктей алады.»;
2) 64-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер шартты түрде сотталған адам өзiне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаса (бүлдірсе), сондай-ақ дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген, шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын органның рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, сондай-ақ сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген органның ұсынымы бойынша сынақ мерзiмiн ұзартып, күшейтілген, бiрақ бiр жылдан аспайтын пробациялық бақылау белгілей алады.
3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықтарды сынақ мерзімі ішінде қайталап жасаған, сондай-ақ заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген ор ганның ұсынымы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 11-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
380-баптың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жасағанына кiнәлi деп танылған әрбiр қылмысы үшiн сотталушыға тағайындалған жазаның түрi мен мөлшерi, сондай-ақ алдыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58, 60-баптарының негiзiнде өтеуге жататын түпкiлiктi жаза түрi көрсетілуге тиіс.
Сот жаза шарасы ретiнде бас бостандығынан айыруды тағайындаған кезде үкiмде сотталған адамның жазасын өтеуге тиiс мекеменiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындаған кезде, үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күн мерзімде оның қылмыстық-атқару инспекциясына есепке қою үшін келу міндеттілігін белгілейді;
5) шартты түрде соттаған кезде сынақ мерзiмінiң ұзақтығы мен сотталған адамға жүктелетін міндеттер көрсетілуге тиіс, бұл ретте сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабында көзделген жауапкершілікті түсіндіреді;».
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):
1) мазмұнында:
7-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:
«7-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация»;
181, 182, 183-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
182-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жүріс-тұрысына пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
Полная версия