Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес Құжат мәтініндегі «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолық» сөздері «ауыл, ауылдық», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді). Құжат мәтініндегі мүгедектерді», «мүгедек балаға», «мүгедекке», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар балаға», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы №444-IV Заңымен (04.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-тармақша өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2016 жылғы № 483-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-1) ассистент – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас пен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалар арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-4) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
2) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
3) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
3-1) кедейлiк шегi – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2015 жылғы № 315-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2015 жылы № 93 (28571) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-2-тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес 3-2-тармақша алынып тасталды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек;
4-тармақша өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-тармақша өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1) адамға (отбасыға) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 5-1-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-2) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
6) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
7) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
Полная версия