Близость слов: Окончание:





Трансферттік баға белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-IV Заңы
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (25.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Осы Заң 1-1-баппен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болғызбау трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
2. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің міндеттері:
1) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде бақылауды жүзеге асыру;
2) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мәмілелерге қатысушылардың трансферттік бағаларды қолдануын болғызбауға бағытталған қағидалардың ашық жүйесін құру.
3. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеу:
1) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі әділдік пен жариялылық қағидаттарына негізделеді.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 09.06.2010  жылғы № 288-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат көздерінен алынған баға – ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға;
2) бағалар ауқымы – осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртiппен белгіленетін, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық бағалардың бірқатар мәндері;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.03.2024 жылғы № 68-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) бақылау – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау.
2-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Бақылау» деген ұғым трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің мақсаттары үшін пайдаланылады;
3) белгіленім кезеңі – мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;
3-тармақша өзгертілді ҚР 05.12.2013 жылғы № 152-V Заңымен (22.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi