Близость слов: Окончание:





Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау қағидалары (әдістемесін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 848 Қаулысы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 26 маусымдағы
 № 848 қаулысымен
 бекітілген
Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау қағидалары (әдістемесі)
1. Осы Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында өндірілетін мұнай-газ шикізатын сатып алу-сату туралы келісімшарттарға сәйкес жасалған мәмілелер бойынша бағаларды айқындау (есеп айырысу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар:
1) әділ нарық бағасы немесе әділ нарық құны – ӨБТК І бабында көрсетілген мәнге ие (осы Қағидаларда қамтылған және осы Қағидаларға қосымшада келтірілген өнімді бөлу туралы келісімнің І бабындағы терминдердің анықтамалары);
2) басқару жөніндегі бірлескен комитет – ӨБТК-нің 6.1-кіші бөлімінде көрсетілген мәнге ие;
3) бекітілген мәмілелер – ӨБТК 9.2(b)(iv)-кіші бөлімінде және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәнге ие;
4) БЖБ – (британдық жылу бiрлiгі) абсолюттiк қысым 14,696 фунт/кв дюйм болғанда таза судың бiр фунтының (британдық өлшемдер жүйесiнде) температурасын 59,0 Фаренгейт градусынан 60,0 Фаренгейт градусына дейiн жоғарылату үшiн қажеттi жылу мөлшерін бiлдiредi;
5) бірлескен қызмет – ӨБТК 9.2(b)-кіші бөлімінде және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәнге ие;
6) БСС – 1984 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Кеңестік Социалистiк Республикалар Одағының құрамына кiретiн елдерді немесе аумақты бiлдiредi;
7) газ жобасы – ӨБТК І бабында көрсетілген мәнге ие;
8) даулы мәміле – ӨБТК 9.2(b)(v)-кіші бөлімінде және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәнге ие;
Полная версия
ИС BestProfi