Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы
Осы Заңның тақырыбы өзгертілді ҚР 28.10.2015 жылғы № 368-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)» сөздері «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» сөздерімен ауыстырылды; «мұрағат», «мұрағаттарды», «мұрағаттардың», «мұрағаттар», «мұрағаты», «Мұрағат», «мұрағаттарының», «мұрағаттары», «мұрағаттың», «мұрағаттарындағы», «мұрағаттардағы», «мұрағатқа», «Мұрағатының», «мұрағаттарда», «мұрағаттарға», «мұрағаттық», «мұрағаттарынан», «мұрағаттарында» және «мұрағатты» сөздері «архив», «архивтерді», «архивтердің», «архивтер», «архиві», «Архив», «архивтерінің», «архивтері», «архивтің», «архивтеріндегі», «архивтердегі», «архивке», «Архивінің», «архивтерде», «архивтерге», «архивтік», «архивтерінен», «архивтерінде» және «архивті» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 368-V Заңы бойынша (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 16.05.2018 жылғы № 155-VІ Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 10.11.2001 жылғы № 256-II Заңымен ( 22.12.1998 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен ( 08.05.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012 жылғы № 553-IV Заңымен ( 05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2018 жылғы № 155-VІ Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) арнаулы мемлекеттік архив – осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
2) архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
6) архивтік құжаттарды есепке алу (бұдан әрі – есепке алу) – есепке алу бірліктерінде архивтік құжаттардың саны мен құрамын белгілеу және әрбір есепке алу бірлігінің белгілі бір кешенге және олардың есепке алу құжаттарындағы жалпы санына тиесілігін тіркеу;
8) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі – ретке келтіру) – архивтік құжаттарды сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
10) архив ісі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастырумен, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құрумен, архивтік құжаттарды жинауды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды ұйымдастырумен байланысты қызмет саласы;
11) аса құнды құжат – Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының баға жетпестей тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар архивтік құжаты;
12) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – заңды тұлғалардың құжаттама жасау және құжаттарды жасау, алу кезінен бастап архивтік сақтауға бергенге дейін олармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі;
13) ведомстволық архив – архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
14) жеке архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі немесе қызметі, жинауы және сатып алуы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғаның архивтік құжаттары;