Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «Республика Конституциясының», «Республиканың Конституциясында», «Республика соттарының», «Республиканың өзге де», «Республика сот жүйесiнiң», «республика судьяларын», «республика соттарының», «Республиканың қалған», «Республика соттары» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Конституциясының», «Қазақстан Республикасының Конституциясында», «Қазақстан Республикасы соттарының», «Қазақстан Республикасының өзге де», «Қазақстан Республикасы сот жүйесінің», «Қазақстан Республикасының судьяларын», «Қазақстан Республикасы соттарының», «Қазақстан Республикасының қалған», «Қазақстан Республикасының соттары» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 05.07.2024 жылғы № 109-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. 
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заңдарды шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. 
Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
2. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, ол адамның, азаматтың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын мақсат етеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әр адамға мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. 
Сот билiгi әкімшілік, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
3-тармақ өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 199 Заңымен (25.12.2000 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2007 жылдан бастап )23.12.2006 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заңбойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. 
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады. 
1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады.
1- тармақ өзгертілді ҚР 17.11.2008 жылғы № 80-IV Конституциялық заңымен (11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)21.11.2008 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекiтедi .
2- тармақ өзгертілді ҚР 17.11.2008 жылғы № 80-IV Конституциялық заңымен (11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)21.11.2008 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Полная версия
ИС BestProfi